Директордың блогы

Сәлеметсіз бе, құрметті пациенттер мен әріптестер! Сізді өз блогымда қарсы алуға шын жүректен қуаныштымын! «MEDILAB_IMMUN.KZ» зертханасына қош келдіңіздер.

«MEDILAB_IMMUN.KZ» – заманауи, мамандандырылған жоғары технологиялық диагностикалық зертхана. MEDILAB_IMMUN.KZ зертханасы заманауи in vitro технологияларының барлық арсеналын пайдалана отырып, қазіргі халықаралық стандарттарға сәйкес зертханалық қызметтердің толық спектрін ұсынады. Халықаралық стандарттарда белгіленген диагностикалық әдістердің нақты алгоритмінің арқасында біз ең аз шығынмен зерттеулердің максималды ауқымын қамтамасыз ете аламыз.

Біздің негізгі қағидаларымыздың бірі – ең заманауи технологиялар мен зерттеу әдістерін қолдану. Біз жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отырамыз, бұл үшін біз әлемдік көшбасшылармен, Euroimmun, Beckman Coulter, Siemens және т.б. компаниялармен жұмыс істейміз.

«MEDILAB_IMMUN.KZ» ұжымы 60-тан астам жоғары мамандандырылған қызметкерлерден тұрады, олардың әрқайсысы зертханалық диагностика саласында тәжірибесі мен білімі бар. Біз өз зерттеулерімізде кемелдікке ұмтыламыз. Біздің сайттың көмегімен сізге жақынырақ болуға, зертханалық қызметтер көрсету мәселелерінде сізбен өзара түсіністік табуға және кері байланыс орнатуға үміттенеміз. Сіздің сеніміңіз – біздің басты марапатымыз.

Барлығыңызға денсаулық тілеймін!

«MEDILAB_IMMUN.KZ» ЖШС директоры: Кулкаева Галия Сериковна